Елімізде 600 мың тонна балық өсіруге болатын су қоймалары бар - Мырзағалиев

18 Тамыз 2020, 11:05
1258
Бөлісу:
Елімізде 600 мың тонна балық өсіруге болатын су қоймалары бар - Мырзағалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев онлайн өткен Үкімет отырысында баяндады. 

Ақпан айында Атырау қаласында балық саласын дамыту мәселелері бойынша өткізілген көшпелі отырыс кезінде берілген тапсырма бойынша жұмыс жүргізілді. Біз бизнеспен бірге талдау жүргізіп, үш басты мәселені анықтадық. Бірінші, су қоймаларын балық аулаудан балық өсіруге бейімдеу. Екінші, заңнамаға балық өсіру қарқынын ұлғайту үшін қажетті өзгерістер енгізу. Үшінші, мемлекеттік қолдау шараларын арттыру. Біз ғалымдар, сарапшылармен бірлесіп еліміздегі су қоймаларын зерттедік. Арасындағы потенциалы жоғары су қоймаларын анықтадық. Зерттеудің барысында осы жерлерде жылына 600 мың тонна балық өсіруге болатыны белгілі болды, - дейді Мырзағалиев.

Мысалы Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында карп, бекіре тұқымдас балық түрлерін, ШҚО-дағы Өскемен, Бұқтырма су қоймалары - форель, сик, ал Алматы облысындағы Бақтоғай, Қапшағай су қоймалары мен Балқан көлі форель, карп, СҚО, Ақмола, Қостанай облыстары, т.б. сиг және карп түрлерін өсіруге қолайлы.

Министр әкімдіктерден қолда бар потенциалға назар аударуды сұрады. Балық өсіруді дамыту үшін жасалып жатқан жағдайды одан әрі күшейту қажет екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы