Елімізде 6 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылуы мүмкін

9 Қараша 2022, 20:04
3815
Бөлісу:
Елімізде 6 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылуы мүмкін

Қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі олардың қызметтерін тексеріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған азаматтар тарапынан шағымның және проблемалы несиелердің көбеюі себеп. 

Агенттік төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, қазірдің өзінде шағын несие беретін 6 ұйымның екеуін лицензиясынан айыруға негіз бар.

 Өйткені мөлшерлемені негізсіз көтеру секілді фактілер анықталған. 

Айта кетейік, елде 430 мыңнан астам адам микроқаржы ұйымдарына берешегін төлей алмай, 90 күннен кешіктіріп жіберген. 

Олардың қарызы 70 миллиардтан асады.

Өзгелердің жаңалығы