Бүгінгі таңда елімізде 220 электр станциясы жұмыс істейді. Бұл туралы үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда елімізде 220 электр станциясы жұмыс істейді, оның ішінде жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 144 ЖЭК объектісі бар. Бұл ретте өткен жылы қуаты 495,6 МВт болатын тағы 16 ЖЭК объектісі іске қосылды, - деді ведомство басшысы.
Министрдің дерегінше, станция жабдықтарының орташа тозу деңгейі - 56 пайыз.
1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы қолда бар қуаттың көлемі 20,4 ГВт, жұмыс қуаты 15,4 ГВт құрады. Осы күзгі-қысқы кезеңде тұтыну максимумы – 16,6 ГВт, ал генерациялау максимумы -15,1 ГВт. Өткен жылы электр энергиясын тұтыну көлемі 115 млрд кВ/тсағ, электр энергиясын өндіру 112,8 млрд.кВ/тсағ жетті. Бұл ретте көршілес елдерден электр энергиясын импорттау - 3,4 млрд кВт/сағ, экспорт – 1,4 млрд кВт/сағ, - дейді энергетика министрі.