Елімізде жаңадан 4 колония салынады

9 Қараша 2021, 09:37
1065
Бөлісу:
Елімізде жаңадан 4 колония салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Хабар» телеарнасының «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбаты барысында хабарлады. Оның айтуынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында салынатын түрме жекеменшік сипатта болады дегенді білдірмейді.

Тіптен олай емес. Біз мемлекеттік-жекешелік әріптестік деген кезде жекеменшік түрме деп ойлаймыз. Бүгінгі таңда ішкі істер органында қылмыстық атқару жүйесінің 80 мекемесі бар. Оның ішінде, 16-сы тергеу изоляторы болып табылса, 64 колонияда 34 мың азамат жазасын өтеуде, – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ ол бұл колониялардың өткен ғасырдың 50-60-жылдары салынғанын, көбінің тозығы жеткенін алға тартты.

Ол жерлерде үнемі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Стандартты колония салатын уақыт келді деп ойлаймын. Мемлекеттік-жекешелік әріптестестік мемлекет инвестормен келісімшарт жасасып, ал инвестор өз кезегінде колония ғана емес, оның аумағында өндірістік аймақты да салатындығынан тұрады. Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту үлкен мәселеге айналып отыр. Қазір қалыпты өндірістік базаны қалыптастыруға болады, – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол қай өңірлерде жаңа түзету мекемелері бой көтеретіндігі туралы сөз қозғады.

МЖӘ шеңберінде сыйымдылығы 1500 адамды құрайтын 4 колония салу жоспарланып отыр. Олар Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Ақтөбе облыстарында бой көтереді, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы