Елімізде 3,6 мыңнан астам ауыз су орны барланған

8 Қараша 2023, 19:22
777
Бөлісу:
Елімізде 3,6 мыңнан астам ауыз су орны барланған
Фото: ortcom.kz

Қазақстанда 15,5 текше шақырым мөлшерінде су қоры бар 3 692 ауыз су орны барланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, бұл шаруашылықты және тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қажет.

Бұл ретте, елімізде жылына шаруашылық – ауыз су қажеттіліктері үшін 1 текше шақырымнан сәл артық су алынады.

Су кодексінің қолданыстағы редакциясына сәйкес ауыз су көздері қорын сақтау ластанудан және бітелуден қорғалған жерасты су объектілерінің базасында жүзеге асырылады.

Бұл ауыз су қоры тіршілік нәрі жетіспеген жағдайда қажет болады. Біз жер асты суларын зерттеуге көп көңіл бөлеміз. Мысалы, Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде гидрогеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жер асты су ресурстарына мемлекеттік бақылау мен мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет құрылатын болады. Сондай-ақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің жер асты сулары бойынша функцияларының бір бөлігі біздің министрліктің құзыретіне өтеді, – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы