ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтуынша, Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 21 мыңнан астам отбасын тексерген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олардың 7 мыңнан астамында балалар өгей әкелерімен немесе аналарының бірге тұратын ер адамдарымен өмір сүреді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 800-ден астам отбасы анықталды. Олар бойынша ақпарат құзырлы органдарға жіберілді. Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін атқармайтын 3 мыңнан астам ата-ана профилактикалық есепке қойылды, – деді Алекешев ведомствода өткен брифингте.
Оның сөзінше, бүгінгі таңда мұндай есепке 6 мыңнан астам ата-ана қойылған.
Оларға қатысты кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларда 3495 материал қаралды.
Соттар 300-ден астам адамды ата-ана құқығынан айырып, 240 адамның құқығын шектеді. Ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін алты мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ІІМ ресми өкілі.