Халықты жайылыммен қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданады. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге деген немқұрайлықтарынан эрозияға ұшыраған және эрозиялық-қауіпті ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 90 миллион гектардан асады, оның 29,3 миллион гектары іс жүзінде эрозияға ұшыраған және одан әрі пайдалануға жарамсыз, - деп мәлімдеді министр.
Министрдің осы мәселеге байланысты жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп жердің одан әрі тозбауын, әсіресе елді мекендердің маңындағы жемшөп алқаптарын жақсарту бойынша шаралар жүргізетінін айтты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылдан бастап 205,4 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жүргізілді, бұл республиканың 272,5 миллион гектар аумағының - 75 пайыз.
Цифрлық ауыл шаруашылығы картасы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлерін қамтиды, контурлар, жол желісі, гидрография, инфрақұрылым объектілері туралы мәліметтермен толтырылып, жергілікті халықтың жайылымдарға байланысты проблемалық мәселелерін шешу үшін жерлердің жемшөп сыйымдылығы туралы ақпаратты қамтитын болады, - деді Ауыл шаруашылығы министрі.