Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елімізде 250 мың адам жұмыспен қамтылды

Әсел ӘБІЛБЕК
25 Шілде 2025, 12:36
778
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 250 мың адам жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, жұмысқа орналасқандарды есепке алу әдістемесі қайта қаралған. Енді статистикада тек міндетті зейнетақы жарналары аударылатын, яғни нақты жұмыс істеп жүрген азаматтар ғана есепке алынады.

4,6 мың адам мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде 66 мыңнан астам адам жұмыс берушілер электрондық еңбек биржасына орналастырған бос жұмыс орындарының нәтижесінде жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, 63 мың адам Мемлекет басшысының "10 мың адамға шаққанда 100 жаңа жұмыс орны" бастамасы аясында, 116 мың адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде жұмысқа орналасқан, - деді еңбек вице-министрі Асқар Биахметов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіліп, "сапалы жұмыс орны" ұғымы енгізілді

Сондай-ақ, 4 күндік жұмыс аптасына көшкендер қандай жалақы алатыны да айтылды.

Өзгелердің жаңалығы