Елімізде 234 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі

11 Қыркүйек 2023, 22:37
688
Бөлісу:
Елімізде 234 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі
Фото: baq.kz

2024 жылы баспана кезегінде тұрған әрі халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 7 мыңға жуық адамның тұрғын үй мәселесін шешу жоспарлануда. 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына 446 млрд теңге бағыттау көзделіп отыр. Бұл туралы Мәжілісте "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында сапалы инфрақұрылымды қалыптастыру аясында 2024 жылға 446 млрд теңге көзделген. Оның ішінде 1 600 тұрғын үйге және 40 мың жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрафрақұрылым жүргізуге және жайластыруға, сондай-ақ 85 км жылу желілерін жаңғыртуға бағытталады. Сумен жабдықтауға халықтың қолжетімділігі бойынша көрсеткішті қалалық жерлерде 99,5%-ға, ауылдарда 97,8%-ға дейін жақсартуға, халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан 7 мыңға жуық кезекте тұрған адамдарға тұрғын үй проблемаларын шешуге мүмкіндік береді, - деді вице-министр.

Бұдан бөлек қаражат кейбір санаттағы 20 мың азаматқа жеке тұрғын үй қорын жалға алғаны үшін төлемді жүзеге асыруға, 234 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге де мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы