Елімізде 2022 жылдан бастап электромобильдер өндіріледі

4 Қараша 2021, 10:31
2071
Бөлісу:
Елімізде 2022 жылдан бастап электромобильдер өндіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті. 

Оның айтуынша, елімізде 2025 жылға қарай 72 ірі кәсіпорын, оның ішінде 66 металлургия, 3  химия және 3  цемент зауытын салу жоспарлануда.

Ол кәсіпорындар бойынша кешенді экологиялық сараптама жүргізіледі. Ең озық, қолжетімді технологияларды қолданып және белгіленген барлық экологиялық талаптарды сақтай отырып, олардың құрылысы қамтамасыз етіледі, -дейді министр. 

Экологиялық таза көлік өндірісін дамытуға келсек, отандық кәсіпорындарда - Саран және Алматы қалаларында YUTONG және Golden Dragon электр автобустары және Қостанай қаласында JAC iEV7s электромобилі өндіріле бастады.

Бұдан басқа, 2022 жылдан бастап Hyundai Ioniq электромобильдері, сондай-ақ 2023 жылдан бастап KIA EV6 өндірісі басталады, - деді Қайырбек Өскенбаев.

Сонымен қатар , электромобильдер мен электр автобустары инфрақұрылымын құру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалаларында 110 электр зарядтау станциялары орнатылды.

Электр тартымды автомобильдерді сатып алуды ынталандыру үшін Қазақстанда электромобильдердің иелері көлік салығын төлеуден босатылды, -деді ол.



Өзгелердің жаңалығы