Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елімізде 2 желтоқсанда қар түсіп, жаңбыр жауады

1 Желтоқсан 2025, 21:38
389
Бөлісу:
 unsplash.com
Фото: unsplash.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 2 желтоқсан, сейсенбіге арналған еліміздегі ауа райына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде аздап жауын-шашын, сондай-ақ көктайғақ болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысында жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр жауады), күндіз облыстың батысында нөсер жаңбыр жауады, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметінен.

Антициклон еліміздің қалған бөлігінде өз әсерін сақтап, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар, еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, оңтүстік-шығыс пен шығыста желдің күшеюі болжанады.

Өзгелердің жаңалығы