Елімізде 19 мыңға жуық науқас коронавирустан емделуде

6 Наурыз 2021, 09:07
1801
Бөлісу:
Елімізде 19 мыңға жуық науқас коронавирустан емделуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ баспасөз қызметі 2021 жылдың 6 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты жария етті.

6 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 789 адам коронавирус инфекциясынан (13 318 КВИ+ және 5 471 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 455 пациент стационарда, 14 334 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 226 адамның жағдайы ауыр;
• 52 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Елімізде 19 мыңға жуық науқас коронавирустан емделуде

Сонымен қатар министрлік COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де ұсынды.

2021 жылғы 4 наурыздағы мәлімет бойынша 42 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 215 адам жазылып шыққан, - делінген ақпаратта.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 49 504, өлім жағдайлары - 637, барлығы 43 396 адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы