Елімізде 16500-ден астам медицина маманына үстемеақы төленді

16 Сәуір 2020, 02:37
1612
Бөлісу:
Елімізде 16500-ден астам медицина маманына үстемеақы төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 16 мыңнан астам медициналық маманға 3,2 млрд теңге үстемеақы төленді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Ләззат Ақтаеваның мәліметінше, Қазақстанның 17 өңірінде медициналық ұйым қызметкерлеріне үстемеақы толық көлемде төленген.

16 500 қызметкерге жалпы 3,2 млрд теңге төленді. Одан бөлек, әр өңірде провизорлық стационар орналасқан. Инфекция жұққан немесе белгілері байқалған науқастарға көпбейінді стационар жағдайында медициналық көмек көрсетіледі, - деп атап өткен вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, медициналық қызметкерлерінің барлығы қорғаныс құралдарында жүруге міндетті.

Сонымен бірге, 1406 байланыс орталығы әлі де жұмыс істеп тұр. Мұнда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 180 операторы жұмыс істейді. Осы айда орталыққа 2310 адам хабарласты. Барлық сұрақтар бойынша осы нөмірге хабарласу қажет, - деді Л. Ақтаева.
Өзгелердің жаңалығы