Елімізде 1500 бала эстетикалық топтық гимнастикамен айналысады

12 Қыркүйек 2023, 16:50
721
Бөлісу:
Елімізде 1500 бала эстетикалық топтық гимнастикамен айналысады
Фото: ОКҚ

Эстетикалық топтық гимнастика бойынша спортшыларды 86 жаттықтырушы мен хореограф дайындайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның ішінде 15-і жоғары санатты біліктілігі жоғары жаттықтырушылар.

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Мадина Бектұрғанова мәлімдеді.

Қазақстан эстетикалық топтық гимнастика федерациясы 2018 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Еліміздің өңірлерінде спорт федерациясының 13 филиалы бар. Онда таланты да, талапты қыздарымыз өз шеберліктерін шыңдайды. Бүгінде эстетикалық топтық гимнастикамен 1500-ден астам спортшы айналысады, ұлттық құрама командасына 173 гимнаст кіреді. Осы ретте айта кетерлігі 154 спортшыға ҚР спорт шебері, өзге 54–іне топтық гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері спорттық атақ берілді. Бұдан бөлек, федерация спорт түрінен 25 спорт төрешісін дайындады, оның 5-і халықаралық санатқа ие, - дейді Мадина Бектұрғанова.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Сұлу – бақытты балалық шақ аумағы» атты әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келе жатыр.

Жобаның мақсаты – қыздарды эстетикалық топтық гимнастикаға тарту, педагог-жаттықтырушыларды тәрбиелеу және оқыту, командалық рухты дамыту. Жобаны жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдар көмек көрсетті, 2022-2023 оқу жылында үш облыс қатысты. Жоба аясында 10 жаттықтырушы-мұғалім эстетикалық топтық гимнастика курстарынан өтіп, қыздарды қабылдады. Жобаны жүзеге асыру үшін гимнастика кабинеттері жабдықталды: 1000 шаршы метр кілем және музыкалық аппаратура, балаларға арналған спорт киімдері сатып алынды. Эстетикалық топтық гимнастика топтарында 6 мен 12 жас аралығындағы 350 қыз тегін қатысады, - деп мәлімдеді Мадина Бектұрғанова.

Өзгелердің жаңалығы