Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жоғары білім саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Білімді сапасыз берген 15 университет жабылды. Университеттерге заң жүзінде академиялық және басқару дербестігі берілді. Сонымен қатар мамандарды даярлау сапасын одан әрі де арттыру, ол үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігі тетігін енгізу қажет, - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Сондай-ақ студенттердің білімін тексеру арқылы оқыту нәтижесіне қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралған.
Түлектердің білім деңгейі нарық пен жұмыс берушілердің талаптарына сай болуы тиіс. Түлектерді сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін дамыту, Ұлттық біліктілік жіктегішін жаңарту қажет, - деді Асқар Мамин.