Елімізде 1348 резеңке пәтер анықталды

20 Қыркүйек 2024, 13:00
528
Бөлісу:
Елімізде 1348 резеңке пәтер анықталды
Фото: Арман Мухатов - архив

ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Аслан Аталықов резеңке пәтерлер азайып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталықовтың айтуынша, Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерді жалған тіркеудің ең көп саны Республикалық маңызы бар үш қалада анықталды.

Жалпы еліміз бойынша 1 348 резеңке пәтер анықталды, онда 36 мыңға жуық адам тіркелген. Тіркеусіз тұрғаны үшін 200 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралардың арқасында «резеңке» пәтерлер саны азайып келед», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұл ретте ІІМ өкілі пәтерлерде жалған тіркеудің заңсыздығына назар аударды – бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Өзгелердің жаңалығы