Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды

Бүгiн, 14:23
107
Бөлісу:
Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды
PHOTO
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу жылының басынан бері өңірлерде 130 мың оқушыға арналған 86 мектеп ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 74,8 мың оқушыға арналған 27 мектеп, оның ішінде Астанада тоғыз мектеп ашылды.

Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды
Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды

Жобада білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Талаптардың қатарында қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу арқылы қауіпсіздік шараларын арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету бар.

Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды
Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін заманауи форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды
Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды
Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 18 мектеп ашылды, тағы 41 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар есебінен қолданысқа берілді

Өзгелердің жаңалығы