Еліміз туризмді қолдауда әлемде теңдесі жоқ мүмкіндіктер жасап отыр – Абаев

19 Қазан 2022, 17:33
715
Бөлісу:
Еліміз туризмді қолдауда әлемде теңдесі жоқ мүмкіндіктер жасап отыр – Абаев

Әлемдік тәжірибеде балалар авиабилеттерін субсидиялау жауапкершілігін өз мойнына алған мемлекет жоқ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Парламент Мәжілісі депутаттарының сұрақтарына жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ол туристік саланы қолдау мақсатында мемлекет тарапынан енгізілген тетіктер мен мүмкіндіктерге тоқталып өтті.

Kids Go Free отбасылық туризм бағдарламасы әлемдік тәжірибеде алғаш рет енгізілген бірегей жоба. Өзге елдер отбасылық саяхаттың, ішкі туризмнің дамуы бойынша мұндай жағдай жасамайды. Kids Go Free тек отбасылық саяхатты жоспарлау, балалармен бірге ел ішінде демалу мәдениетін қалыптастыруға ғана емес, отбасылық бюджеттің үнемделуіне де мүмкіндік туғызады. Бағдарламаның арқасында біз туроператорлардың қызметіне деген сұранысты да ынталандырдық әрі туристік агенттердің, гидтердің және экскурсоводтардың белсенділігі артқанын байқаймыз, – деп атап өтті министр Дәурен Абаев.

Қазіргі уақытта бағдарламаны ұйымдастырылған тур аясында 600-ден астам отбасы пайдаланды, яғни 2000-нан астам адам ұйымдастырылған туризм аясында ел ішінде демалуға мүмкіндік алды.

Өзгелердің жаңалығы