Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында күшті жел соғып, найзағай жарқылдайды және бұршақ жауатынын ескертті.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Жел алдымен оңтүстік-шығыстан, артынша батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. 18-20 маусым күндері кей жерлерде жел солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, шаңды дауыл тұруы мүмкін.