Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райы жағдайына байланысты Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының 276 елді мекенін су басу қаупінің жоғары деңгейі сақталуда, ол жерлерде 270 мыңнан астам адам тұрады.
2021 жылғы 25 наурызда Қазгидромет берген мәліметтер бойынша ылғал қорының көлемі Ақмола облысындағы Шағалалы өзені бассейнінде нормадан 105%-ға, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзені бассейнінде 98% - ға (Сергеев су қоймасына ағысы), Ақтөбе облысындағы Елек өзені бассейнінде 97% - ға (Ақтөбе су қоймасына ағысы), Қарағанды облысындағы Нұра өзені бассейнінде 37% - ға (Самарқанд су қоймасына ағысы), Қарағанды облысындағы Сарысу өзені бассейнінде 31% - ға, Қостанай облысындағы Тоғызақ өзені бассейнінде 20% - ға, Қостанай облысындағы Аят өзені бассейнінде 18% - ға (Каратомар суқоймасына ағысы), Батыс Қазақстан облысындағы Утва өзені бассейнінде 12% - ға, Қостанай облысындағы Тобыл өзені (Жоғарғы Тобыл су қоймасына ағысы), Ақмола облысындағы Сілеті өзені бассейндерінде 8% - ға (Сілеті су қоймасына ағысы) жоғары.
Топырақтың қату тереңдігі Батыс Қазақстан (+53 см), Солтүстік Қазақстан (+70 см), Қарағанды (+32-ден +66 см), Ақмола (+23-тен +84 см), Қостанай (+19-дан +97 см), Ақтөбе (+74-тен +92 см) облыстарының өткен жылғы көрсеткіштерінен артық.
Қар еру процесі жалғасуда. Еліміздің 69% аумағын қар басып жатыр: Атырау облысында – 20%, Қызылорда облысында – 29%, Түркістан облысында – 37%, Алматы облысында – 52% құрайды. Жамбыл – 74%.
Қызылорда облысындағы Сырдария өзендерінде және Алматы облысындағы Іле өзенінің сағасында, Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс өзенінде, Атырау облысындағы Жайық өзенінде мұз қатудың әлсіреу процесі жүріп жатыр, бұл су кептелісіне және жайылмалық учаскелерге судың шығуына әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, ауа райы болжап болмайтын және тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл су тасқыны құбылыстарына әкелуі мүмкін екенін атап өткен жөн. Бұл ретте, жағдайды топырақтың терең қатуы және күзгі батпақтану, қар қоры нормаларының асып кетуі, сондай-ақ ауа температурасының күрт көктемгі көтерілуі қиындатуы мүмкін.
Биылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында 2020 жылы еліміздің өңірлері 148 шақырым қорғау бөгеттерін салу және жөндеу, жағалауды нығайту, су тасқыны қаупі бар өзендердің 371,6 шақырым арнасын тереңдету, 12,2 мың шақырым су бұру арналарын орнату, арналарды (4791 дана) және арықтарды (5225 дана) және су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Су тасқынымен күресу үшін материалдық ресурстар дайындалды: бұл 3,3 мың тоннадан астам жанар-жағармай, 228,4 мың тонна инертті материалдар, 912 мың дана құм салынған қап, су тасқыны кезеңінде жарылыс жұмыстарын ұйымдастыру бойынша 21 шарт жасалды.
Сонымен қатар елді мекендерде 964 рейд жүргізілді, 966 жиын өткізілді, оның барысында су тасқыны кезіндегі іс-қимыл қағидалары бар 189266 жадынама таратылды.
Жергілікті атқарушы органдар 21,6 млн астам текше метр қар шығарды. Елді мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда.
Жеке құрамнан жалпы саны 10 мыңнан астам адам және 1,8 мыңнан астам бірлік техника бар күштер мен құралдар топтары (оның ішінде ҰҰ ә/б бөлімшелері және ЖП) жасақталды.
Су тасқынына қарсы күрес және зардап шеккен халықты эвакуациялау үшін ТЖМ жарағында 1863 бірлік техникалық құрар бар, оның ішінде өрт-сорғы станциялары, (46) жеңдік автомобильдер, (34) сорғы-жеңдік автомобильдер (18), батпақ-жол талғамайтын көліктер (55). "Вахтовка" (74), жылжымалы және тіркемелі мотопомпалар (1306), үрлемелі және металл қайықтар (330).
Су басу қаупі аз өңірлерден қосымша резервтік топтар жасақталды.Олардың жалпы саны 1047 адам, 121 техника, 47 жүзу құралы және 127 мотопомпа. Сондай-ақ Көкшетау техникалық техника институтының жиынтық жасағы мен "Қазавиақұтқару"АҚ тікұшақтары жоғары дайындыққа келтірілді.
Зардап шеккен халыққа палаталы лагерь орнату үшін ТЖМ жедел резервінің мүлкі мен техникасы дайындалды.