Биылғы оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр. Бұл туралы үкімет отырысында Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің дерегінше, биыл бастауыш сыныпты – 374 мың, негізгі мектепті – 341 мың бала. Ал 186 мың түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшады. "Алтын белгіге" үміткерлердің саны –7 704.
Оқу жылын "Білімім – Отаныма" атты бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мектеп түлектеріне арналған "Мектебім, саған мың алғыс!" атты салтанатты іс-шарасы 25 мамырда өтеді. Аттестаттарды табыстау рәсімі 12-15 маусым аралығына белгіленді. 9-шы және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр – 11 маусым аралығына белгіленді, – деді Оқу-ағарту министрі.
Оқи отырыңыз: