Еліміз бойынша 1 100-ден астам микроқаржы ұйымы тіркелген

5 Қараша 2020, 23:13
2482
Бөлісу:
Еліміз бойынша 1 100-ден астам микроқаржы ұйымы тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік серіктестіктер, ломбардтар және микроқаржы ұйымдары, оның ішінде микрокредитті онлайн-режимде беретін ұйымдар ретінде тіркелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді. 

2020 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша уәкілетті органда барлығы 1 112 компания есептік тіркеуден өтті.     

«Ақ тізім» Агенттіктің сайтында орналастырылған.  

Жоғарыда айтып өткен ұйымдардың тізімі Қазақстанның барлық қалаларынан Агенттіктің өңірлік өкілдер басқармалары беретін мәліметтер негізінде үнемі жаңартылып отырады. Бұл ретте белгіленген мерзімде есептік тіркеуден және қайта тіркеуден өтпеген, құжаттар топтамасын бермеген және заң бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ бірқатар ұйымдар бар. Сондықтан да микрокредит алу қажет болған кезде компанияны Агенттіктің сайтындағы тізілімнен тексеріңіздер, - деді Агенттіктің Банктерді реттеу департаменті директорының орынбасары Бақытбек Рысымбетов.

Кредиттік серіктестіктер мен ломбардтар агенттіктің реттеу аясына 2020 жылы енгізілген болатын. Есептік тіркеуден өтпеген ұйымдар мәжбүрлі түрде таратылуға не қайта ұйымдастырылуға тиіс. Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-тан алынған ақпарат және есептік тіркеуден өткен ұйымдардың тізілімімен салыстырып тексеру негізінде сот арқылы жасалады.

Агенттікте есептік тіркеуден өтпеген және таратылуға немесе қайта ұйымдастырылуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалады. Сотқа дейін реттеу мақсатында оларға ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату қажеттілігі не клиенттерде микрокредиттер беріледі екен деген пікір қалыптаспауы үшін өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркелу туралы хат жіберіледі. Сонымен бірге мұндай компаниялар «Электрондық үкімет» (e-gov) порталында хабарлай отырып, қызмет түрін өзгертулері қажет. Оны орындамаған жағдайда Агенттік заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шағым дайындап, оны аумақтық сотқа береді, - деп қорытындылады Бақытбек Рысымбетов.
Өзгелердің жаңалығы