Еліміз 5000 метрге жүгіруден әлем чемпионатында медальсіз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Орегон қаласында (АҚШ) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Каролин Чепкоеч Кипкируи 5000 метрге жүгіруден жүлде ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 Шілде 2022 2022, 16:40
АВТОР
 24 Шілде 2022 2022, 16:40
24 Шілде 2022 2022, 16:40
1629

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Орегон қаласында (АҚШ) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Каролин Чепкоеч Кипкируи 5000 метрге жүгіруден жүлде ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Іріктеу кезеңінде Кипкируи маусымдағы ең жақсы жеке нәтижемен (14:52,54) екінші орын алды. Финалда Кэролайн дәл осындай уақытты (14:54,80) белгілеп, мәреге жетінші жетті.  

Эфиопиялық спортшы Гудаф Цегай жеңіске жетті(14:46,29), екінші орынды кениялық спортшы Беатрис Чебет (14:46,75), қола жүлдені Эфиопияның тағы бір өкілі Давит Сеяум (14:47,71) иеленді.

Наверх