Еліміге былтыр 9 млн астам шетелдік турист келген

6 Маусым 2024, 12:20
435
Бөлісу:
Еліміге былтыр  9 млн астам шетелдік турист келген
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл көрсеткіш 2022 жылғы көрсеткіштен 2 есеге көп. Ел ішінде саяхаттаған қазақстандықтардың саны да 1 млн-ға артқан.

2023 жылдың қорытындысы бойынша отандық саяхатшылар саны 9,6 млн адамды құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша туристік сала пандемиядан кейін толық қалпына келіп қана қоймай, туризмнің негізгі көрсеткіштері бойынша тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Орналастыру орындары 229 млрд теңгеден астам сомаға қызмет көрсетті, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 1,3 есеге көп. Туризм саласынан бюджетке төленетін салық түсімдері 450 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 64 млрд теңгеге артық, - деді ол.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елемізде 57 млрд теңгеге 117 жаңа туристік нысан ашылған.

Жалпы сомасы 430 млрд теңгеге 297 инвестициялық жоба іске асыру сатысында.Оларды 100% іске асырған кезде 7,6 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде, 3,2 мыңы - тұрақты жұмыс орны. 2024 жылдың соңына дейін жалпы сомасы 246 млрд теңгелік 148 жобаны аяқтау жоспарлануда,-деді Нұртас Кәріпбаев.

Өзгелердің жаңалығы