Елге келіп жатқан шетелдік инвестицияның деңгейі төмендеді – сенатор

Бүгiн, 15:23
135
Бөлісу:
Елге келіп жатқан шетелдік инвестицияның деңгейі төмендеді – сенатор

Бір жыл бұрынғыға қарағанда елге 2023 жылы шетелдік инвестиция аз келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сұлтанбек Мәкежанов еліміздің экономикасына келіп жатқан инвестиция деңгейінің төмендеуі туралы айтты. Депутат Жолдауда капиталды тарту үшін, әсіресе инвестиция үшін халықаралық қызу бәсекелестік жағдайында жедел шешім қабылдаудың маңыздылығы атап өтілгенін еске салды.

Президент қолайлы инвестициялық ахуал жасау үшін жан-жақты күш салуда. Бірақ, соған қарамастан экономикамызда инвестицияларды тарту жағдайы жоғары дәрежеде емес.  2023 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 23,4 млрд доллар. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 28,2 млрд доллар болғанын ескерсек, оның 16,9%-ға төмендегенін көреміз. Мұнда бір ескеретін жайт, бұл көрсеткіштердің төмендеуі, мемлекеттің осы салаға көптеп көңіл бөліп жатқан жағдайында болып отырғандығы, - деді депутат.

Депутат осыған байланысты бұған дейін Үкіметке инвестициялық ахуал мәселесі бойынша Үкімет сағаты барысында сенаторлар мен сарапшылар әзірлеген ұсынымдар жіберілгенін атап өтті.  Басым жобаларды іске асыруды оңтайландыру және басқа да маңызды шаралар бойынша ұсыныстар қаралған жоқ. Ол инвесторларға берілетін салық преференциясын пайдаланудың тиімділігі мәселесін де қозғады. Ол берілген жеңілдіктер сомасы инвестиция көлемінен асатын жағдайларды атап өтті. Бұл мұндай жобалардың дұрыстығына күмән туғызады.

Осыған байланысты, шетелдік инвестициялар ағынының азайғаны үшін жауапкершілік анықталады ма деген заңды сұрақ туындауда. Аталған инвестициялық штаб қызметінің тиімділігі, нақты нәтижелері, оның ашықтығы қандай деген және тағы басқа да сұрақтар көптеп туындауда, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы