Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 6 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
2 099 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 615 адам, анықтамасыз 484 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 350 жолаушы, анықтамамен - 1 049, анықтамасыз - 301;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 431 жолаушы, анықтамамен - 355; анықтамасыз - 76;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 232 жолаушы, анықтамамен - 125; анықтамасыз - 107;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 86 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 5 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет
Анықтамасыз келген барлық 470 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.