Елеусінов кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингте көтерілді

<span style="font-weight: 700;">Астана, BAQ.KZ. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов BoxRec бойынша әлемдік рейтингте позициясын жақсартты.</span>

 17 Наурыз 2019 2019, 16:55
17 Наурыз 2019 2019, 16:55
2958

Астана, BAQ.KZ. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов BoxRec бойынша әлемдік рейтингте позициясын жақсартты.

Vesti.kz порталының мәліметіне қарағанда, таяуда Елеусінов сегіз раундтық кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша мексикалық Сильверио Ортисті жеңді.

Осы жеңістен соң Елеусінов BoxRec рейтингінде жартылай орта салмақта 185-ші орыннан 137-шіге көтерілді. Өз кезегінде, Ортис рейтингте айтарлықтай төмен түсті. Жеңілістен соң ол 314-шіден 500-шіге бір-ақ құлдырады.

Елеусіновтың салмағында WBO чемпионы американдық Теренс Кроуфорд көш бастап тұр. Қазақстандықтар арасында 101-ші орындағы Бобиржан Момынов қана Даниярдан алда келе жатыр.

Елеусінов профиде алғаш рет сәуірде өнер көрсеткен. Алты жекпе-жектің үшеуін АҚШ-та, екеуін Ұлыбританияда және біреуін Монаккода өткізген.

Наверх