Бүгін Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) чемпионатының жаңартылған рейтингі жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сілтеме жасап.
Үздік ондық рейтингінде ешқандай өзгеріс болған жоқ. Қазақстандық үздік теннисші Елена Рыбакина 4-орында қалды.
Еске сала кетсек, Бейжіңде өткен турнирдің жартылай финалында ресейлік Людмила Самсонова Рыбакинаны екі кездесуде де сенсациялық түрде жеңген болатын. Есеп – 7:6 (7), 6:3. Осылайша, Самсонова рейтингте бес сатыға көтеріліп, 14-орынға жайғасты.
Сонымен, қазіргі көрсеткіш төмендегідей:
1. Арина Соболенко (Беларусь) – 8 425.
2. Ига Швёнтек (Польша) – 7 795.
3. Кори Гауфф (АҚШ) – 5 955.
4. Елена Рыбакина (Қазақстан) – 5 865.
5. Джессика Пегула (АҚШ) – 4 720.
6. Маркета Вондроушова (Чехия) – 3 671.
7. Каролина Мухова (Чехия) – 3 650.
8. Онс Жабер (Тунис) – 3 650.
9. Мария Саккари (Грекия) – 3 245.
10. Мэдисон Кис (АҚШ) – 2 737...
14 (+5). Людмила Самсонова (Ресей) – 2 545.