Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымында чехиялық Маркета Вондроушованы жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Live-tennis.eu ақпаратына сәйкес осы матчтан кейін Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде алтыншыдан бесінші орынға көтеріледі екен.
Еленаның Римдегі келесі қарсыласы польшалық Ига Свёнтек немесе хорватиялық Донна Векич.