Әлемнің үшінші ракеткасы, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Берлинде WTA-500 турнирінің келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Рыбакина бірінші айналымда ресейлік теннисші Полина Кудерметованы жеңді (WTA рейтингінде 139-орындағы).
Екі сеттегі ойынның жалпы ұпайы: 6:4, 6: 2.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Елена Рыбакина 9 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Бұрын қос қарсылас кездесіп көрмеген екен.
Бұған дейін әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы өзінің мансабын аяқтайтынын жариялағаны белгілі болды.