Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елена Рыбакина Вашингтон турнирінің жартылай финалында бақ сынайды

26 Шілде 2025, 16:49
770
Бөлісу:
 KTF
Фото: KTF

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 24-орында тұрған Польша өкілі Магдалена Френхпен ойнады.

Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, онда Рыбакина ұтқан еді. Бұл жолы Елена 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Елена Рыбакина финалға өту үшін әлемнің 36-ракеткасы, 22 жастағы канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы