Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

31 Тамыз 2023, 10:20
474
Бөлісу:
Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті
Фото: prosports.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған, өткен жылы осы жарыстың ширек финалына дейін жеткен аустралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек еді.

Алайда, аустралиялық спортшы матчқа келуден бас тартты да, Е.Рыбакина үшінші айналымға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елена украиналық теннисші марта Костюкті де жеңген болатын (39-орын) — 6:2, 6:1.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен таласады.

Өзгелердің жаңалығы