Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елена Рыбакина ширек финалда

15 Наурыз 2023, 11:15
1040
Бөлісу:
 Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 66-сатыда тұрған ресейлік Варвара Грачевамен кездесті.

Осыған дейін қарсыластар бір рет кездесіп, Елена жеңген болатын. 1,5 жарым сағатқа созылған бұл турнирде Елена ресейлік теннисші Варвара Грачеваны 6:3, 6:0 есебімен қапы қалдырды. 

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.

 

Өзгелердің жаңалығы