Бұл Елена Рыбакинаның карьерасындағы 12-финал болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Санаулы сәттер бұрын Ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) жеңіп, Калифорнияда өтіп жатқан Мастерс санатындағы Индиан-Уэллс турнирінің чемпионы атанды. Есеп: 7-6 (11), 6-4. Ойын 2 сағат, 6 минутқа созылды.
Бұл екі теннисші арасындағы 5-матч-тұғын. Бүгін қазақстандық бұл текетірестегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, әрі биыл қаңтарда Аустралия ашық чемпионатының финалында кеткен есесін қайтарды.
Кездесудің статистикасы:
Рыбакина
Соболенко
Эйстер
7
4
Доп беру кезіндегі қос қате
2
10
Брейктер
3
2
Жеңген ұпайлар саны
93
87
Жалпы бұл Елена Рыбакинаның карьерасындағы 12-финал болды. Отандасымыз соның төртіншісінде басым түсті. Калифорния корттарындағы жеңісі үшін ол 1000 ұпаймен бірге 1 миллион, 262,220 мың АҚШ долларына ие болды. Осылайша, Рыбакина бүгін жаңаратын WTA рейтингінде 10-орыннан 7-сатыға көтеріледі. Бұл қазақ теннисі тарихындағы ең үздік көрсеткіш.
Айта кетейік, Елена Индиан-Уэллс бәсекесінің жартылай финалында әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекті сенімді жеңсе, ширек финалда чехиялық Каролина Муховадан басым түсті. Оның алдында Варвара Грачева (Ресей), Паула Бадоса (Испания) мен София Кениннен (АҚШ) мықты екенін паш етті.