Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Берлин WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен кездесті.
Бірінші партияда тай-брейкте Елена Рыбакина басымдылық танытты - 7:6 (7:1).
Алайда содан кейін хорватиялық спортшы күш алып кетті - 6:3, 6:4.
Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена Рыбакина 15 эйс жасағанымен, 2 брейк-пойнтты мүлт жіберді.
Қарсыласы 5 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.
Д.Векич жартылай финалға шығу үшін рейтингте 81-орында тұрған ресейлік Элина Аванесянмен таласады.
Ол бұған дейін отандастары Дарья Касаткина мен Анна Блинкованы жолдан тайдырды.