Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде бір сатыға төмендеді

3 Қазан 2022, 10:45
1359
Бөлісу:
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде бір сатыға төмендеді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде жеке сында 25-тен 26-сатыға төмендеді.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 42-ден 47-ге, биыл маусымды ерте тәмамдаған Зарина Дияс 324-тен 356-ға сырғыды.

Рейтингіде бұрынғыша Польша өкілі Ига Свентек көш бастап келеді. Тунистік Онс Жабер екінші сатыда. Ал Таллинде WTA 250 жарысының финалына дейін жеткен эстониялық Анетт Контавейт үшінші орынға көтерілді.

Жұптық сында алғашқы үштік өзгеріссіз: чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова және бельгиялық Элизе Мертенс ешкімге жол берер емес.

Қазақстандықтардан Анна Данилина 21-інші, Е.Рыбакина 99-орында.

Айта кетейік, Е.Рыбакина осы аптада Острава (Чехия) WTA 500 додасында өнер көрсетеді. Ол бүгін алғашқы айналымда әлемнің 17-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен кортқа шығады.

Бұдан бұрын елордада Astana Open ATP 500 турнирінің іріктеу сайыстары аяқталған.

Бүгін Астанада негізгі жарыс ойындары басталады.

Өзгелердің жаңалығы