Тамыз айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 131,8 мың бос жұмыс орны және 129 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 26% - ға (27,4 мың), ал түйіндемелер саны 3% - ға (3,5 мың) қысқарған.
Сұраныстың айтарлықтай өсуі білім беру саласындағы жоғары білікті кадрларға түсті. Мұны жаңа оқу маусымының басталуымен байланыстыруға болады. Жалпы және орта білім беру ұйымдарынан 15 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылды. Математика мұғалімдері (3,3 мың бос жұмыс орны), тәрбиешілер (3 мың), бастауыш сынып мұғалімдері (2,3 мың), орыс тілі мен әдебиеті (2,2 мың бос жұмыс орны) сұранысқа ие мамандықтардың қатарына еніп отыр.
Сонымен бірге орта білікті мамандарға сұраныс 10% - ға өсті (48,9 мың бос жұмыс орны), ал біліктілігі жоқ еңбек үшін бұл көрсеткіш 4% - ға (30 мың бос жұмыс орны) қысқарды.
Тамыз айында жұмыс іздеушілердің белсенділігі негізінен білім беру саласындағы жоғары білікті қызметкерлер арасында байқалды, бұл сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне ықпал етті.
Шілде айымен салыстырғанда бос орындар саны 99 бірлікке қысқарған Солтүстік Қазақстан облысын қоспағанда, жалпы өңірлердегі бос жұмыс орындарының саны барлық жерде өсті. Бос жұмыс орындарының ең көп өсуі Алматы облысында тіркелді, олардың саны 98%-ға (4,2 мыңға), Жамбыл (84% - ға, +3,2 мыңға) және Батыс Қазақстан (55% - ға, +2,2 мыңға) облыстарында артты. Бос жұмыс орындарының ең көп саны халқы тығыз орналасқан мегаполистерге – Астанада (11,4 мың бос жұмыс орны) және Алматыда (9,1 мың), сондай-ақ өнеркәсіптік Қарағанды облысына (10,8 мың бос жұмыс орны) тиесілі.
Тамыз айында жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бас құрылысшы лауазымына кандидаттар үшін (255 бос жұмыс орны үшін 684,3 мың теңгеден бастап), қосымшаларды әзірлеушілерге (7 бос жұмыс орны үшін 670 мың теңгеден бастап) және қаржы директорларына (4 бос жұмыс орны үшін 660,7 мың теңгеден бастап) ұсынды.
Ең жоғары жалақыны қаржы директоры (1,1 млн теңгеден, 32 түйіндемеден), IT-бөлімшелердің басшылары (1 млн теңге, 9 түйіндеме) және мұнай-газ секторының сорғы станциясының машинисі (975 мың теңгеден, 4 түйіндемеден) сияқты лауазымға үміткерлер сұрады.
Осылайша, тамыз айында еңбек нарығындағы біліктілік құрылымы алдыңғы айдағыдай өзінің тепе-теңдігін сақтап қалды. Сұраныстың негізгі өсуі білім беру саласында, әсіресе жаңа оқу маусымының басталуымен байланысты мегаполистерде жоғары білікті кадрларға қатысты болды. Сонымен бірге жұмыс іздеушілердің белсенділігі де жоғары болды, бұл бос орындар мен түйіндемелерді біркелкі бөлуге ықпал етті.