Электронды темекіні елге әкелгені үшін шетел азаматы бас бостандығынан айырылды

Кеше, 14:20
224
Бөлісу:
Электронды темекіні елге әкелгені үшін шетел азаматы бас бостандығынан айырылды
Фото: Ерболат Бекболат

Бейнеу ауданының соты шетел азаматын электрондық тұтыну жүйелерін елге әкелгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шекара бекетін тексеру барысында автокөліктің жүк салғышында 4 550 дана "WAKAsoPro20000" маркалы электрондық тұтыну жүйелері анықталған.

Заң күшіне енген соң сот үкімі бойынша көрсетілген тауарлар жоюға жіберілді.

Қылмыстық кодекстің 301-1 жаңа бабы темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін жауапкершілікті белгілейді.

Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қамауға алу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыру жазалары қарастырылған.

Маңғыстау облысының прокуратурасы электронды тұтыну жүйелерін сату және тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы