Электромобиль жүргізетіндер тұрақта ақы төлеуден босатылады

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов палатаның жалпы отырысында осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 Маусым 2024 2024, 17:48
АВТОР
 BAQ.KZ  - архив 27 Маусым 2024 2024, 17:48
27 Маусым 2024 2024, 17:48
766
Фото: - архив

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов палатаның жалпы отырысында осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мен ілеспе құжат екі оқылымда қаралып, мақұлданды.

Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембиновтің сөзінше, 2023 жылдың 1 қаңтарында елімізде электр қозғалтқышпен 812 жеңіл көлік тіркелсе, қазіргі кезде 9 мыңнан астам электр көлігі бар. 

Осы деректер электромобиль санының күн санап еселеніп өскендігін көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз, мемлекет жағынан электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуды талап етеді, - деді Дүйсембинов.

Наверх