Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Электрохимиялық қорғау және диагностика шебері: көрінбейтін қауіптің күзетшісі

Әсел ӘБІЛБЕК
24 Қазан 2025, 12:30
528
Бөлісу:
 BAQ.KZ коллажы
VIDEO
Фото: BAQ.KZ коллажы

Электрохимиялық қорғау және диагностика қызметінің шеберлері металл конструкциялардың коррозияға ұшырамауын қамтамасыз ететін негізгі мамандар. Олардың жұмысы құбыр желілері мен өндірістік нысандардың қауіпсіз әрі ұзақмерзімді пайдаланылуына тікелей әсер етеді. «Еңбекқор ел» жобасының бүгінгі шығарылымы электрохимиялық қорғау және диагностика қызметінің шеберіне арналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Коррозия көзге көрінбейтін, бірақ өндірістің ең ірі шығын көзі. Әрбір құбырдың, металл конструкцияның тағдыры осы табиғи үдерістің алдында сыналады. Ал сол қауіптің алдын алып, металдың «өмірін ұзартып» жүрген жандар бар. Олар электрохимиялық қорғау және диагностика қызметінің шеберлері. Солардың бірі бүгінгі кейіпкеріміз Мақсат Ниязов.

Бүгінгі энергетика мен мұнай-газ саласының тұрақтылығы дәл осы мамандардың кәсіби бақылауы мен ғылыми тәсіліне тәуелді. Шебердің жұмысын толығырақ бейне материалдан көре аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы