Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазнетте электр энергиясына тарифтердің өсуі туралы жаңалық тарап жатыр. Осыған байланысты министрлік пен мамандар өз пікірлерін білдірген еді.
2020 жылдың қыркүйегінде 37 энергия өндіруші ұйым (оның 45-і нде шекті тарифтер белгіленген) Энергетика министрлігіне электр энергиясына шекті тарифтерді түзетуге өтінім берді. Энергия өндіруші субъектілердің бұл құқығы электр энергетикасы туралы заңнамада көрсетілген, - деп түсіндірді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Павлодарэнерго» АҚ компаниясының бас директоры Олег Перфиловтың айтуынша, тарифті қандай жағдай болмаса да көтеру керек деп отыр.
Өйткені өзіндік себебі бар. Инфляцияны ескеру керек, көмір қымбаттайды, жөндеуге арналған материалдар да қымбаттайды. Мердігердің жұмыс құны жыл сайын кем дегенде 8% -10%-ға дейін өсіп отырады. Бізге жұмысшылардың жалақысын жыл сайын индекстеу қажет. Сондықтан, әрине, тарифтер өсуі тиіс. Сонымен қатар өндірісті одан әрі дамытуға, реконструкциялауға, модернизациялауға және т.с.с қажет болатын тұрақты пайда есепке алынады. Әйтпесе жақын болашақта біздің электр энергетикасы құлдырайды. Тарифтерді көтерген дұрыс, одан қашуға болмайды, - дейді Олег Перфилов.
Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылы және 2021 жылдың бастапқы айларында энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз мынандай шығындар өскен:
- жанармай құнының өсуі (Қаражыр көмірінің бағасы 8,6%, «Богатырь Көмір» ЖШС көмірінің бағасы 2020 жылы 9,9% көтерілді, оны тасымалдау құны 7% өсті);
- жаңартылатын энергия көздері үшін жыл сайын өсіп отыратын үстемеақысы ((2021 жылы оның көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 68% өсті, жаңартылатын энергия көздерінің құны 49% өсті);
- бюджетке төленетін міндетті төлемдер шығындарының өсуі, АЕК-тің өсуіне байланысты (2020 жылы 2 778 теңгеден 2021 жылы 2 917 теңгеге дейін);
- газ тасымалдау бағасының өсуі;
- жөндеу жұмыстары құнының өсуі.
Айта кетейік, Энергетика министрлігі электр энергиясына арналған тарифтерді көтеру туралы бұйрығының жобасын жариялады. Құжат наурыздың 26-сына дейін талқылауға шығарып отыр.