Электр бағасының қымбаттауы амал жоқтан жасалған шара - сарапшы

1 Шілде 2020, 15:08
2375
Бөлісу:
Электр бағасының қымбаттауы амал жоқтан жасалған шара - сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 1 шілдеден бастап электр энергиясы қымбаттады. Энергетика министрлігінің қабылдаған бұл әрекетіне байланысты энергетика маманы, тәуелсіз сарапшы Әнуар Қошқарбаев пікір білдірді.

Бұл қадамға амал жоқтан барып отыр. Егер олай істемесе, бұрынғы жағдайлар қайталануы мүмкін. Өздеріңіз білесіздер, 2008 жылы энергия қуаты жетіспей, мәселе туындап еді. Сондықтан осындай қадамдарды кезең-кезеңімен атқарған дұрыс. Бұл шешімнің мақсаты түсінікті деп ойлаймын. Электр станцияларын қолдауымыз керек. Оларға ешқандай көмек көрсетіліп жатқан жоқ. Шығындары көп, қазір бәрі қымбат. Отын бағасы да өсті, - дейді Әнуар Қошқарбаев.

Оның айтуынша, мұның бәрін алдағы 3-4 жылды ойланғандықтан қолға алған әрекеттер.

Соңғы үш жылда тариф тұрақты болды. Тек былтыр қазан айында аздап өсті. Енді тарифтер көтеру арқылы станциялар шығындарын  жабады, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Соның арқасында барлық станциялардың таза кірісі 80 млрд теңге көлемінде қалыптасады деп ойлаймын.Өйткені, 2015 жылы бұл көрсеткіш 107 млрд теңгені, 2019 жылы 60 млрд теңге жобасында болды, - дейді тәуелсіз сарапшы.
Өзгелердің жаңалығы