Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінің алғашқы күнінде қазақстандық Елдос Сметов 60 келіге дейін салмақта күміс жүлдегер атанды.
Отандасымыз финалда жапониялық, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Рюдзю Нагаямаға есе жіберді. Әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған Күншығыс елінің балуаны ширақ қимылдап, вазари әдісін сәтті орындады. Соның арқасында Ташкенттегі Grand Slam-ның жеңімпазы атанды. Елдосқа күміс жүлде бұйырды.
Сметов финалға дейін грузиялық Жаба Папинашвилиді және әзербайжандық Карамат Хусейновтың осал тұсын тапқан болатын.