Елдос нағыз чемпиондық мінез көрсетті - Геннадий Головкин

Бөлісу:
Елдос нағыз чемпиондық мінез көрсетті - Геннадий Головкин

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин дзюдошы Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында топ жаруымен арнайы құттықтады.

Біздің даңқты спортшымыз Елдос Сметовті Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын! Елдос бұл медальға қол жеткізу үшін үш олимпиадалық циклді артта қалдырып, өзінің нағыз чемпиондық мінезін көрсетті! Бұл алтынды Елдос алмағанда, кім алады?! Ұлттық Олимпиадалық комитет атынан Елдос пен оның бапкері Ғалымжан Жылгелдиевті Париж Олимпиадасындағы алтын медальмен құттықтаймын! Елдостың жеңісті бастамасы ұлттық құрама үшін жалғасын таба берсін! Алға, Қазақстан!» - деді ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин.

 

Өзгелердің жаңалығы