9 ақпан сағат 18.00-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысында – 3 учаске
Ақмола облысында – 1 учаске
Ақтөбе облысында – 4 учаске
Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске
Қарағанды облысында – 1 учаске
Қостанай облысында – 3 учаске
Қызылорда облысында – 1 учаске
Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске
Ұлытау облысында – 1 учаске
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 816 техника және 1605 жолшы жұмылдырылды.