“Самара-Шымкент” күре жолында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
“ҚТЖ”ҰК”АҚ Никельтау жол дистанциясының “Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі” 2023 жылғы 18 тамызда “Самара-Шымкент” күре жолының 811 шақырымында орналасқан темір жол өткелінде жөндеу жұмыстарын атқармақ.
18 тамыз күні сағат 3:00-ден бастап таңғы 7:00-ге дейін жоғарыда аталған жол бөлігінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, - делінген "ҚазАвтоЖол" таратқан хабарламада.
Бұл уақытта жеңіл автокөліктердің қозғалысы негізгі темір жол өткелінің қасында орналасқан уақытша өткел бойынша жүзеге асырылмақ. Жол қозғалысын жергілікті полиция қызметкерлері реттейді.