Алматы, BAQ.KZ. Алдын ала деректер бойынша елдің ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі өзара саудасы 7 725,6 млн АҚШ доллары болды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5,4% көбейді..
Алматы, BAQ.KZ. Алдын ала деректер бойынша елдің ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі өзара саудасы 7 725,6 млн АҚШ доллары болды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5,4% көбейді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі тауарлар экспорты 2 298,7 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты (1,2% көп), импорт – 5 426,9 млн АҚШ доллары (7,4% көп).
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 93,1%, Қырғызстан Республикасына – 3,8%, Беларусь Республикасына – 3,1%, Армения Республикасына – 0,06% келеді.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы (млн АҚШ доллары)
Экспорт
Импорт
ЕАЭО елдері
қаңтар-сәуір
2021ж.
қаңтар-сәуір
2022ж.
қаңтар-сәуір
2021ж.
қаңтар-сәуір
2022ж.
Ресей
2 038,8
2 096,6
4 744,7
5 092,4
Қырғызстан
193,0
177,7
83,4
117,6
Беларусь
38,1
22,6
223,6
213,9
Армения
2,1
1,8
3,0
3,0
Барлығы
2 272,0
2 298,7
5 054,7
5 426,9
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша ең жоғарғы өсім – 3,2 есеге өсу байқалды. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (42,1% аз).
Импортта бидай мен меслиннің өсімі байқалады – 3,2 есе. Бұл ретте ЕАЭО елдерінен жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдарын алу көрсеткіші төмендеген (43,6 % аз).