Елдің батысында заңсыз балық аулағандар анықталды

11 Мамыр 2021, 11:42
1053
Бөлісу:
Елдің батысында заңсыз балық аулағандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингте айтты.

Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында бекіре тұқымдас балықтар мен олардың өнімдерін заңсыз өндіруге қарсы іс-қимыл аясында «Бекіре» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Батыс өңірінің полиция департаменттері браконьерлік және балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жедел-іздестіру және басқа да алдын алу іс-шараларын қолға алды, - деді Ораз.

Ресми өкілдің айтуынша, аталған іс-шара 1 сәуірден бастап ҰҚК Шекара қызметімен, табиғатты қорғау прокуратурасымен, Кедендік бақылау және балық қорғау органдарымен бірлесіп өткізіле бастады.

Операция басталған уақыттан 269 құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде заңсыз аулау, сатып алу және өткізу, 24 балық және балық өнімдерін тасымалдау фактісі тіркелді. Шара барысында 241 құқық бұзушы ұсталды. Олардан 18 тонна балық, соның ішінде 4 тоннадан астам бекіре тұқымдас балықтар, 200 балық аулау, оннан аса жүзу құралдары тәркіленді, - деді ол.

Ораз айтқандай, 22 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 225 адам әкімшілік жазаға тартылды. 10 миллионға жуық айыппұл салынды.

Мысалы, Атырау облысының су полициясы қызметкерлері облыс орталығы тұрғынынан 247 дана немесе заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балықтан бір тоннаға жуық балық тәркіледі. Қазіргі уақытта өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерін заңсыз пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Нұрділда Ораз.


Өзгелердің жаңалығы