Елдің батысы мен оңтүстігінде ыстық болады

30 Тамыз 2022, 18:44
1566
Бөлісу:
Елдің батысы мен оңтүстігінде ыстық болады

Ауқымды солтүстік-батыс антициклонының әсерінен алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстик шыгыс аудандарының таулы аймақтарында, 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында солтүстікте, Батыс Қазақстан облысының батысында, 1 кыркуйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел тұрады. 

Температуралық фонға келетін болсақ, ауа температурасының одан әрі жоғарылауы болжанып отыр, күндіз термометр бағаны еліміздің басым бөлігінде 25-35 градус жылы, батыста және оңтүстікте 30-38 градусты көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы