Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

13 Қазан 2022, 08:10
846
Бөлісу:
Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

13 қазанда Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады, онымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Тек елдің батысы мен солтүстік-батысында Қара теңіз аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады. 

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батыста, солтүстік пен шығыста тұман болжанады.

ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады.

Өзгелердің жаңалығы